"Гүлнера деп қойғысы келген": Ерке Есмахан есіміне қатысты қызықты оқиғамен бөлісті
Ерке Есмахан есімінің қойылуына байланысты қызықты оқиғасымен бөлісті. Әншінің әкесі кенже қызын Гүлнера деп атағысы келген. Алайда анасы қарсы болып, Ерке деп атапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Есімімді анам қойды. Үлкен әпкемнің аты Гүлбағда, кішісі Венера, екеуін қосып, әкем Гүлнера деп қойғысы келген. Анам кенженің атын өзім қоямын деп мені Гүлнерадан сақтап қалды. Маматай, рахмет", – деді Ерке.
Сонымен қатар Ерке жеке кәсібі мен дінге деген көзқарасы жайлы айтты.
"Кәсіп бар. Жасырын. Қосымша кәсіп болмаса, жүрер ме едім осылай алшаң басып?" – деді әнші.
Сондай-ақ күндердің күнінде намазға жығылатынын айтып өтті.
Түбінде намазға, хиджабқа келемін, әрине! Кім арқылы, не арқылы, қалай, қашан, белгісіз.
Бұған дейін әнші 10 жасар ұлының медреседе білім алып, 5 уақыт намаз оқып жүргенін айтқан еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған