Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлназ Жоланова: Баян Мақсатқызы "сені басты рөлге қалай алғанмын?" деп маған таңғалды

“Қазақ аруы – 2014”, актриса Гүлнәз Жоланова қазақ киносына қалай келгенін айтты. Қанша сын айтылса да, сынға шыдаған актриса өзін бастапқы жылдары мүлде мойындамаған екен. Соңғы жылдары ғана өзінің актрисалық қабілетіне көңілі тола бастаған.

Бұл туралы актриса Нұрмұқан Мұқанұлымен болған сұхбатында айтты. 

“Менің “Қазақ аруы” байқауына қатысуымның өзі аяқ астынан болды. Бұрындары байқауларға қатысқым келмейтін. Адамдарды сұлулығына байланысты салыстыруға болмайды деген ұстаным болды. Байқауда жеңгеннен кейін бірден киноға келдім. Мені Баян Мақсатқызы басты рөлге шақырды. Ол кезде Баян ханым не істесе де, хит болып жатқан кезі. Мен рөлде ойнай алмаймын дедім. Баян ханым бой бермеді. Солай екі айдан соң киноға келдім. Ал қазір Баян Мақсатқызы мені басты рөлге қалай таңдағанына өзі таңғалады. Бірде “оқымаған, тәжірибесі жоқ сені сол кезде қалай басты рөлге таңдадым?” деп таңғалғаны бар”, –деді Жоланова.

Гүлназдың айтуынша, өзінің актрисалық қабілетіне бірнеше жыл бойы көңілі толмаған. 

“Мен өзіме жұмысқа келгенде өте қаталмын. Кинода ойнаймын, көргенде көңілімнен шықпайды. Қанша курсқа бардым. Қанша тәжірибе жасадым. Бастапқыда өзімді актриса деп қарай алмадым. Кейінгі екі-үш жылда ғана өзімді актриса деп сезіне бастадым. Оның өзінде толық емес”, – деді актриса. 



Гүлнәз Жоланова өзіне ашық образда киноға түсуге шақырғанын айтты. Алайда актриса иықтан төмен денесін көрсетуге қарсы. 

“Мен ашық образдарға түсе алмаймын. Тек иығымнан төмен ғана ашуға болады. Ондай рөлдерден бас тартамын. “Шекер” фильміне де шақырған еді. Ашық кадрлар болған соң бас тарттым”, – деді ол.

Актриса оқыған театр актрисалар мен сырттан келген әзілкеш актерларды салыстыруға келмейтінін айтты. 

“Нағыз осы салада оқыған, теарда жұмыс істеген, күнделікті мәтін жаттап, теорияны оқыған маман мен кеше ғана келе сала дәл солай құрмет алып, дәл солай ақша алып жүргендерді салыстыруға келмейді, әрине. Олардың реніші орынды. Мен ешнәрсе айта алмаймын. Мен өзім киноға келемін деп ойлаған емеспін. Мені шақырды. Келдім. Киноға қызығушылығым осы салаға келгеннен кейін басталды. Процесс ұнады. Солай 7 жыл өтіпті”, – деді Жоланова. 

Талқылау