Гүлмира Сатыбалданың тағы бір ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
14 мамыр сағат 10:00-де Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша алдын ала тыңдаулар өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот ашық түрде оффлайн режимде өтеді.
Гүлмира Сатыбалдыға қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы "Абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан бас бостандығынан заңсыз айыру"; ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы "Аса ірі мөлшерде мүлікті алу мақсатында бопсалау"; Қылмыстық кодекстің 389-бабының 4-бөлігі "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған озбырлық" бойынша айыптар тағылды.
Іс бойынша екінші айыпталушы – оның жүргізушісі Мәди Батыршаев. Оған қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша айып тағылды.
Бұған дейін Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жібергені айтылды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"