Гүл сататын дүкендегі дау: Оқиғаның екіншісі қатысушысы Шымкенттегі мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері болып шықты
Шымкентте гүл сататын дүкенде болған даулы оқиғаның екіншісі қатысушысы Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше гүл сататын дүкенде болған жағдайға қатысты 10 тамызда департаментте қызметтік тексеріс тағайындалған.
"Д.Елқондыға қатысты сұрақ департаменттің тәртіп бойынша комиссиясының жиынында қызметтік тексеріс қорытындысына сәйкес тағайындалады. Қабылданған шара туралы қосымша хабарланады", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде гүл сататын дүкенде болған оқиғаның видеосы тараған еді. Кадрларда ер адам дүкен қызметкерін қорқытқан.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
Жаңаөзендегі тойда дәстүрлі ән мен биге басымдық берілмеген
"Домбыра – харам, Наурызды тойлауға болмайды": Қоғамды дүрліктірген діни уағыздар және оған ҚМДБ не дейді
ҚМДБ өкілдері дінді насихаттауда шектен шықпауға шақырды