"Гүл мен сыйлық қайда?!": Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен құттықтады
Танымал әнші Қайрат Нұртас жұбайы, балаларының анасы Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі жеке парақшасында жыр-шумақтарын арнады. Актриса 37 жасқа толды.
"Жүрегімнің дауасы,
Ұл-қызымның анасы,
Лайықты жан өзіме,
Дүниедегі жанашыр,
Ыстық оттай сезіммен.
Заманым тыныш өзіңмен,
Жұлдызым туған күніңмен", – деп жазды Қайрат Нұртас.
Алайда актрисаның оқырмандары әншінің бір күн кешігіп құттықтағанын жарыса жазып жатыр.
“Күні бойы Қайраттың қалай құттықтағанын күттім”, “Жұлдыздың туған күні кеше өтіп кетті”, “Екеуін бірге көрсем, қатты қуанамын”, “Қайрат кешігіп қалды”, “10 жыл үйде отырған әйеліңе гүл де бермейсің бе?!”, “Осындай да құттықтау бола ма, гүл мен сыйлық қайда?!”– деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Қайрат Нұртас сахнада ән айтып тұрып, көз жасына ерік берген еді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған