Грузиялық ерлі-зайыптылар 55 жылдан соң үйлену тойын жасады (фото)
Олардың махаббат хикаясы 55 жыл бұрын басталған. Ол кезде Эльдар Маргалиташвили Грузияның батысында өмірге келген Нуну Бериямен некелеседі.

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Қазір ерлі-зайыптылардың екі баласы, екі немересі және бір шөбересі бар.

Жақында Эльдар мен Нунудың немересінің күйеуі Георгий той жасау арқылы ерекше фотожоба ұйымдастыруды ұсынады. Бас кейіпкерлері әрине – ақсақал мен әжей.

Бұған дейін Грузияда ешкім мұндай фотосессия жасамаған екен.

Нәтижесінде Георгий атай мен әжейді бұл жобаға қатысуға көндіре алады.

Салтанатты шара Телави қаласындағы шіркеулердің бірінде болды.

Бұл шіркеу ерлі-зайыпты 55 жылдан бері ғұмыр кешіп келе жатқан үйдің қасында.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған