Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грекиядағы орман өрті: Ақпарат құралдары пәкістандықтарды қазақтармен шатастырып алған

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Грекияда орман өртіне әкеп соқтырған отшашуды атқаны үшін ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Εποχικοί Πυροσβέστες

Грек ақпарат құралдары яхтаны Пәкістан азаматтары жалға алғанын жазған. 21 маусым күні кешке Грекияның Гидра аралында 13 турист жалдамалы яхтада отшашу ұйымдастырған. Салдарынан қарағайлы орман өртке оранған.

БАҚ демалушылардың өртті сөндіруге әрекеттенгенін, еш нәтиже болмаған соң қашып кеткенін жазған.

Арал мэрі Гиоргос Кукудакис оларды сотқа беруге ниетті екенін мәлімдеді.

“Полицейлер кемеде болғандарды ұстады. Демалушылар Қазақстан азаматтары болып шықты”, – деп жазды грек ақпарат құралдары. 

Фото: Newsbreak

24 маусымда Сыртқы істер министрлігі ұсталғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

"Қазақстан консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін бірден осы іске қатысты Грекия билігіне хабарласты. Полиция ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін және оларға да ешқандай талап қойылмағанын хабарлады", – деді Айбек Смадияров.

Грекияның News Break басылымының жазуынша, яхтаны Қазақстан азаматтары емес, Пәкістан азаматтары жалға алған.

Талқылау