Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грекия орманындағы өрт: Экипаждың кінәсін жоққа шығарған яхта капитаны мен көмекшісі ұсталды

Грекияда аралда отшашу ұйымдастырып, орманды өртеген яхтаның капитаны мен лейтенанты ұсталды. Қалған 11 экипаж мүшесі кепілге босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News Break басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: News Break

Тергеу мәліметінше, күдіктілер өз кінәларын мойындамай жатыр. Аты-жөні жарияланбаған яхта капитаны тұтанған өртке ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Ол яхтада отшашу атпағанын, өз орнында болғанын жеткізді. Бұл ақпаратты кемені тексерген жағалау күзеті растап отыр. Олардың айтуынша, қазақтардың яхтадағы демалыс бағдарламасында отшашу болмаған. Олар өртті көре сала дереу өрт сөндіру қызметіне хабарлаған. Қалған экипаж мүшелері оның сөзін растады.

 



Капитан мен лейтенант уақытша қамауға алынды. Қалған 11 экипаж мүшесі, оның ішінде офицерлер, аспаздар мен қызметшілер кепілге босатылды. Соңғыларына Грекиядан шығуға тыйым салынды және қандай да бір жағдай болса өз аймақтарындағы полицияға хабарлауды бұйырды.

Билік өрт қою ісін анықталғаннан кейін экипаждың барлық 13 мүшесін бастапқыда қамауға алған еді. Бұл жағдайда олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді. Кейіннен еліміздің Сыртқы істер министрлігі Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. 

Талқылау