"Гориллаға ұқсап, ерсіленіп кетті": Бүркіттің жары Аишаның биі көпшіліктің сынына қалды
Танымал дуэт Бүркіт пен Аиша үйінің ауласында билеп, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/berkut_aibekjan/
Өнер иесі әйелінің биінен кейде қорқып кететінін жасырмады.
“Мені мына қыз осылай қорқытады”, – деп әзілдеді әнші. Аишаның биін көрген көпшілік оны сынның астына алды.
“Барлық жері салақтап тұр” деген желі қолданушысының сөзіне Бүркіт мақалмен жауап жазды.
“Сасыған етке тұз бекер, ұятсыз жүзге сөз бекер”, – деп жауап қатты өнер иесі.
-
"14 жыл біргеміз": Аиша Бүркітті туған күнімен ерекше құттықтады
-
"Ене сіздей-ақ болсын!": Әнші Бүркіттің анасы келіні Аишаға өлең арнады
Алайда жұлдызды жұптың жанкүйерлері түрлі пікір білдіріп, өнер иелерін мақтап та, даттап та жатыр.
“Аиша айнаға бір қарасыншы”, “Олар кәсіби бишілер, қандай қимыл істесе де, жарасады”, “Гориллаға ұқсап, ерсіленіп кетті”, “Би деген – жаттығу, не шатақтарың бар?!”, “Аишаның тұлабойы билеп тұрады”, “Мына қимылды қою керек, тозығы жеткен би”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, жақында Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталған еді.