Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда және қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Головкин польшалық Камил Шереметамен АҚШ-тың Чикаго қаласында айқасатын болды. Десек те олардың рингке шығатын нақты уақыты әлі белгіленбепті. Промоутер Эдди Хирннің сөзінше, жекпе-жек тамыз айында өтуі мүмкін екен.
Екі спортшының күресі осымен бірнеше рет кейінге шегеріліп келеді. Алдағы жұдырықтасуда Головкин IBF орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап шығуы керек.
Еске салайық, бұған дейін Головкин әлемдегі ең үздік боксшылар рейтингінде бірінші орын алғаны айтылған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар