Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин әлемдегі ең үздік боксшылар рейтингінде бірінші орын алды

The Ring журналы орташа салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Геннадий

The Ring журналы орта салмақтағы үздік боскшы мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) деп есептейді. Алайда ол бөлек жазылған. 

Еске салайық, Канело - WBA Super титулына ие, сонымен қатар WBC-тің "франчайзингтік" чемпионы. 

Әдеттегі рейтингте бірінші орында IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) тұр. Екінші орында - WBO белбеуінің иегері, америкалық боксшы Деметриус Андраде (29-0, 18 КО). TOP 3-ті АҚШ-тың тағы бір боксшы, WBC чемпионы Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) түйіндейді. 

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ТОП-10 боксшы:

Чемпион — Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО)

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО)

2. Demetrius Андраде (29-0, 18 КО)

3. Джермалл Чарло (30-0, 22 КО)

4. Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО)

5. Риот Мурат (16-2, 13 КО)

6. Камил Шеремета (21-0, 5 КО)

7. Крис Юбэнк-кіші (29-2, 22 КО)

8. Мацей Сулецки (28-2, 11 КО)

9. Роб Брант (25-2, 17 КО)

10. Лиам Уильямс (22-2-1, 17 КО).

Талқылау