42 жеңіс: Головкин жапониялық қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)
Жапонияның Сайтама қаласында Головкин-Мурата арасындағы жекпе-жек өтті. Отандасымыз жапониялық қарсыласын нокутпен, ұпай санымен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз Геннадий Головкин Жапонияның Сайтама қаласында өткен бокс кешінде Риота Муратаны тоғызыншы раундта техникалық нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы IBF, IBO және WBA Super белбеулерінің иесі атанды.
Бірінші раунда қазақстандық боксшы бірден шабуылға көшті. Қарсыласын джебпен қарсы алып, сериялық соққыларын да дарыта білді. Бірақ Риота Мурата қарап қалмады. GGG-ге қысым жасап, бірнеше соққысын дәл тигізді. Екінші раундта екеуі де белсенді болды. Бірақ Муратаның басымдығы байқалды. Головкинді бүйірден де, бастан да ұрды. Бірнеше аперкоты өтті.
Үшінші рауандтың басында Головкин бірнеше жойқын соққысымен көзге түсті. Муратаның мұрны қанай бастады. Ал төртінші раундта екеуі тең бокстасты. Бесінші раунда Головкиннің басымдығы айқын болды. Сериялық соққыдан кейін Риота сәл тәлтіректеп қалды. Дегенмен, жекпе-жекті жалғастырды. Алтыншы раунда қатты соқыдан капасы ұшып кетті. Сонда да құлаған жоқ, керісінше, алға қарай ұмтылып, рингтің ортасынан кетпеді. Головкин болса, қашып жүріп, дәл соққыларын жасады.
Жетінші раунда жапониялық боксшы тағы қысым жасап көрді. Бірақ Головкиннің джебі пен аперкотына түсіп отырды. Келесі раунда қазақстандық боксшының басымдығы айқын болды. Ал тоғызыншы раунда қарсыласын сабап тастады. Сосын дәл соққыларымен Риотаны нокдаунға түсірді. Жапондық боксшы жекпе-жекті жалғастырған жоқ. Осылайша, GGG техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Геннадий Головкин бокс кешін тамашалау үшін арнайы Жапония келген қазақстандық жанкүйерлерге алғысын білдірді.
Сонымен қатар ол Риота Муратаның керемет боксшы екен атап өтті. "Барлық жанкүйерлерге, әсіресе Қазақстаннан арнайы келгендерге алғыс айтамын. Рахмет сіздерге. Алға, Қазақстан!", - деді отандасымыз.
Бұл - Головкиннің кәсіпқой рингтегі 42-жеңісі. Мурата спорттық мансабында 3-ші рет жеңіліс тапты.