Головкин "Ювентус" матчына келіп, Роналдуға жүгінді
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Италиядағы Лацио - Ювентус футбол чемпионаты өтетін Римдегі «Олимпико» стадионына келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы ойынның алдында Головкин Криштиану Роналдуға жүгінді. Футболшы мен боксшы бірлескен жоба дайындауда, оның нақты не екені әзірге құпия.
«Салем, достым, біз келдік. Бүгінгі күнге сәттілік!», - деп жазды Головкин.
«Лацио» - «Ювентус» матчы 8 желтоқсаннан 9 желтоқсанға қараған түні, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01.45-те басталады.
Италияда жүрген Головкин сонымен қатар келесі жекпе-жегі өтетін арена туралы әзіл айтып, Колизей маңында түскен фотосуретті жариялады.
"Келесі жекпе-жек өтетін арена қалай екен?", - деп жазды ол.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды