Головкин наурыздың соңында рингке оралатыны белгілі болды
IBF және IBO-ның нұсқасы бойынша орта салмақтағы жекпе-жекте чемпион атанған Геннадий Головкин келесі жолы 2020 жылдың наурыз айында сайысқа түседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы GGG серіктесі, Matchroom Boxing промоутерлік ұйымының басшысы Эдди Хирн мәлімдеген болатын.
Айтуынша, Головкиннің қарсыласы ретінде польшалық Камил Шеремета шығуы әбден мүмкін. Бокстың халықаралық федерациясы спортшылардың жекпе-жегіне рұқсатын беріпті.
"Головкин Шереметамен наурыздың 28-і күні сайысқа түсуі ғажап емес", - деп жазыпты Хирн.
Бұл бәсеке GGG үшін өз дәрежесін сақтап қалу үшін арналған жекпе-жектің алғашқысы болмақ. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий 5 қазан к.ні украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.
Сол күні болған сайыста Шеремета мексикалық боксшы Оскар Кортесті накаутқа түсірген еді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған