Головкин Канелоның басқа қарсыластарынан айырмашылығын айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN-ге берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварестің басқа қарсыластарынан айырмашылығын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Оның тәжірибесі менің бұрынғы қарсыластарымнан әлдеқайда көп екені анық. Оның шеберлігі жоғары деңгейде болды. Шеберлік, күш, жылдамдық, дайындық, жастық - мұның бәрі оны басқа қарсыластарымнан ерекшелендіреді", - деді Головкин.
Головкин Канеломен екі рет жекпе-жек өткізді. Бірінші кездесу тең аяқталды, ол біршама дау туғызды. Ал екінші жекпе-жекте төрешілердің дауысымен Альварес жеңіске жетті.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі