Головкин Альвареспен болатын жекпе-жектен кейін спорттан кететінін айтты
Орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы күзге жоспарланған Сауль Альвареспен болатын жекпе-жегі оның кәсіби бокстағы соңғы бәсекесі болуы мүмкін екендігін айтты.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
«Мен осы жекпе-жектен кейін кәсіби спорттан кететін шығармын. Бәлкім, кетпеймін. Мен өз бабымдамын және өзімді 25 жастағыдай сезінемін. Алайда бұл футбол емес, бокс. Бокс ойын емес, жан беретін бәсеке. Бәсекенің қай-қайсы болмасын өзінше ауыр», – деді Головкин.
Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген. Кездесу Лас-Вегаста өтеді. Боксшылар жекпе-жекті жарнамалауға бағытталған медиатурларын бастап та кетті.
Тағы да оқыңыз:
Бапкер Головкиннің осал тұстарын тізіп берді
Суретші шегеден Головкинді салған туындысының ақшасын екі аяғынан айырылған қызға бермек
Қазақстандық студент қыз Головкиннің арқасында АҚШ-та қалай ақша тапқанын айтып берді
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық