Головкин әлемдік рейтингтен алынып тасталды
Әлемдік BoxRec.com сайты өз рейтінгінен IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпион Геннадий Головкинді алып тастады. Осылайша қазақстандық Р4Р-боксшылардың жаңа көшбасшысы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Головкин 2020 жылдың 18 желтоқсанынан бері рингке шықпаған. Қазақстандық боксшы соңғы кездесуінде Камиль Шереметаны (21-2, 5 КО) жеңген болатын.
Головкиннің "суперчемпионға" қарсы жекпе-жегі келесі жылға шегерілді
BoxRec.com басылымы бір жыл кездесу өткізбеген боксшыларды рейтингтен алып тастайды. Бұл Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) қазақстандық Р4Р-боксшылар арасында көш басына шығуға мүмкіндік берді.
Еске салайық, Әлімханұлы 21 қарашада Лас-Вегаста өткізген жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Хассан Н’Дам Н’Жикамды жеңген еді. Кездесу 8-раундта аяқталған.
Трактористен ұлт сөзін сөйлеген тұлғаға дейін: Мұхтар Шаханов кім және қандай ісімен есте қалды (видео)
Еңбек жолын қарапайым тракторист болып бастаған
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған