Головкиннің "суперчемпионға" қарсы жекпе-жегі келесі жылға шегерілді
IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің WBA Super белбеуінің иегері Риота Мурата қарсы жекпе-жегі келесі жылға шегерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ESPN келтірген деректер бойынша Жапониядағы коронавирус пандемиясына байланысты шектеу кездесудің кейінге қалдырылуына себеп болған. Аталмыш шаралар вирустың жаңа штамы – омикронның таралуын алдын алуға бағытталған.
Геннадий Головкин жекпе-жегінің шегерілгені туралы пікір білдірді
“Әрине, қатты қапаландым. Дегенмен адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші кезекте болуы керек. Рингке қайта оралуды асыға күтемін. Денсаулықтарыңызға көңіл бөліңіздер”, – деді отандасымыз.
Ресми тұлғалар Жапония үкіметіне Головкинді елге кіргізу жайлы өтініш тастаған, алайда ел үкіметі қабыл алмады. Жекпе-жек 29 желтоқсан күні Токиода өтеді деп жоспарланған еді.
Головкиннің "суперчемпионға" қарсы кездесуі келесі жылға дейін шегерілді.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"