Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голос. Дети: Қазақстандық Данэлия Тулешова Украинада өткен шоуда жеңімпаз атанды

10 жастағы алматылық әнші Данэлия Тулешова Украинада өткен «Голос. Дiти» шоуында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Данэлия Төлешова Украинаның «Голос. Дiти» конкурсының финалына шыққан еді. Әнші  байқаудың финалында «Не твоя война» атты композицияны орындады. Дарындылығымен көпшілікті тәнті етіпкен жас әнші «Голос. Діти» шоуының төртінші маусымында жеңімпаз атанды.

Жас әншінің баспасөз хатшысының сөзінше, Данэлия финал мен суперфиналда жалпы 5 әуен орындаған.  Сонымен қатар ол «Елдің бала дауысы» атағын иеленіп, Disneyland Paris-де саяхатауға жолдама берілді.

«Голос» – ол менің бала арманым. Адамдар менің әнімді тыңдаған кезде, көпшілігі маған хат жаза бастады. Сенім білдіргендеріңізге рахмет», – деп қуанышын бөлісті Данэлия Тулешова.

Айта кетсек, жас әншінің Youtube арқылы тараған видеосын 1 млн-нан астам адам көріп үлгерген еді.

Данэлия шетелдік өнер сахнасына бірінші рет шығып отырған жоқ. 2015 жылы «Аялаған Астана» халықаралық байқауында – жеңімпаз, «Жаңа толқын» байқауында көрермен көзайымы жүлдесін алған еді.

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайберген Қытайда үлкен ән кешін өткізіп, Құрманғазының “Адайын” домбырамен тартты (видео)

Жазира: Өмір сүргім келмей, бірнеше рет өз-өзіме қол салмақшы болдым

Димаш Құдайберген Қытай телеарнасына берген сұхбатын Абайдың өлеңінен бастады (видео)

Қайрат Нұртас жұбайы рөл сомдайтын фильмдерді тек өзі түсіретін болады

Талқылау