Голливудта сексуалды құлдық қылмыстары әшкере болды: Атақты рэпер ауыр айыптармен қамауға алынды
Рэпер әрі продюсер Puff Daddy (P.Diddy деген атпен белгілі) рэкет, сексуалды құлдық пен сауда және жеңгетайлық үшін қамауға алынып, Голливудта үлкен шу шықты. Рэпердің ұйымдастырған кештерінде танымал поп-жұлдыздардың болғаны да мәлім болып, желіде фотолар пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pagesix.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
P.Diddy Нью-Йоркте сексуалдық сауда, жезөкшелікке адам тарту және рэкет ұйымдастыру деген айыптармен 17 қыркүйекте қамауға алынды. Айыптау актісінде оның кейінгі 16 жыл істеген әрекеті көрсетілген. Ол әйелдерді қанап, түрлі кештер, сексуалдық іс-шараларды ұйымдастырған дейді. Оның іс-шараларына P.Diddy 1999 жылдан 2001 жылға дейін романтикалық қарым-қатынаста болған Дженнифер Лопес, Леонардо Ди Каприо, Эштон Катчер, Сара Джессика Паркер, Пэрис Хилтон, Марта Стюарт, Арета Франклин, Джей-Зи, Бейонсе болған.
P.Diddy деген кім?
54 жастағы P.Diddy-дің шын есімі – Шон Комбс. Ол – америкалық музыка магнаты және хип-хоптың ықпалды продюсері, 90-жылдары даңққа ие болды. Ол рэпер Notorious B.I.G-дің продюсері болды және оның No Way Out дебюттік альбомы 7 миллионнан астам данамен сатылған. Сонымен қатар Грэмми сыйлығының үш мәрте иегері атанып, Мэрайя Кэри, Мэри Дж. Блайдж және Ашер сияқты жұлдыздармен жұмыс істеді.
Музыкадан басқа ол сән, телеарна және алкоголь бизнесі саласында жобалар жасады.
Көңіл көтеру кештерінде не болған?
Прокурорлар Комбс өзінің музыкалық империясын әйелдерді сексуалды құлдықта ұстап, қинау үшін түрлі кештерді ұйымдастырып, оған жұлдыздарды шақырған дейді. Онда есірткіге тәуелді ету және жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу болған.
Фото: Patrick McMullan
Артынша P.Diddy қыздарды видеоға түсіріп, сонымен бопсалады делінген. 14 беттік федералды қылмыстық айыптау қорытындысына сәйкес, бұл іс-шараларды ұйымдастыруға бизнесінің көптеген жоғары лауазымды қызметкерлері, соның ішінде күзет және жеке көмекшілері қатысқан. Әйелдерді жыныстық құлдықта ұстау кем дегенде 16 жылға созылғаны атап өтілген.
Кештерге жұлдыздардың қатысқан фото-видеосы тараса да, олардың қандай да бір заңсыз әрекеттерге немесе қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдейтін айғақ жоқ. Алайда қатысы бар адамдарды іздеу басталды.
Анонимді куәгерлер P.Diddy-дің атақты әртістер мен әншілерді де жыныстық құлдықта ұстап, есесіне оларға ақша мен музыкалық келісімшарттарға уәде бергенін айтады, әрі сол үшін құпия бөлмелер болған дейді.
Айыптар саны
Полицейлер дүйсенбі кешке Комбс тұрған қонақүйге рейд жасап, оны ұстады. Музыкант зорлық-зомбылық, бопсалау, жыныстық құлдықта ұстау бойынша айыпталды.
Содан кейін алдын-ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен Молотов коктейлі арқылы көлікті өртеп жіберді деген айып қосылды. Көлік иесінің аты-жөні жарияланбады, бірақ бұл рэпер Кид Кади болуы мүмкін деген болжам бар, себебі 2012 жылы оның көлігін әлдекімдер өртеген еді.
Рэпер сүйіктісін соққыға жыққан
Мамырда рэпер бұрынғы әйелі, әнші Кэсси Вентураны соққыға жыққан видео пайда болды. Видеода Комбстың Кэссиді еденге лақтырып, тепкілеп, дәлізде киімін тартып, сүйрегені байқалады. Қорлық 2016 жылдан жалғасқан.
2023 жылы қарашаның соңында 37 жастағы Кэсси зорланғанын айтып, сотқа арыз түсірді. Оны он жыл некеде болған ғашығы жүйелі түрде ұрып-соғып, қорлағанын, зорлағанын мәлімдеді. Айтуынша, P.Diddy оны алкоголь мен опиат (апиынның есірткілік алколоиды – ред.) тұтынуға, басқа ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, сол процесті видеоға түсірген.
Алайда Кэсси арызын қайтарып алған және мұның себебін түсіндірмеді. Бірақ көпшілік оны қорқытты деп болжаған.
Бірнеше қыз зорлық көргенін мәлімдеді
Вентурадан кейін Джой Дикерсон-Нил P.Diddy-ді сотқа беріп, 1991 жылы рэпер оған есірткі салып жіберіп, зорлап, видеоны интернетте таратқанын мәлімдеді. Кейін Лиза Гарднер P.Diddy мен Аарон Холл өзін тұншықтырып, есінен тандырып, зорлады деп айыптады.
Содан кейін хип-хоп әртісі 17 жастағы қызды жыныстық құлдықта ұстап, топпен зорлады деп айыпталды, ал рэпер және Combs' Bad Boy Records лейблінің бұрынғы басшысы Джо Хукер сыбайласы ретінде аталды.
Соңғы сот ісін Талия Грейвс берді, ол 2001 жылы рэпер оған бір стақан шарап ұсынғанын айтады. Грейвс өзін күрт нашар сезініп, есінен танып қалғанын, ал екі ер адам оны зорлағанын айтты.
Жұлдыздар рэперден зардап шеккен бе?
Желіде көптеген жұлдыздар рэперден зардап шекті деген болжам бар. Мысалы, жақын досы әрі жанкүйері болған Джастин Бибер бала күнінде одан зорлық көруі мүмкін дейді. Себебі жас әншінің мансабын көтерген P.Diddy деп айтады. 2009 жылы Джастин небәрі 15 жаста болғанда, ол рэпермен 48 сағат бірге уақыт өткізген.
"Біз қазір онымен фильмдегідей 48 сағат боламыз. 15 жастағы баланың арманы орындалады", – дейді Комбс видеода.
Видеодағы кадрлерден Бибердің қорқып тұрғаны және сол кездесуден кейін өзгергенін көпшілік байқаған. Әрі әншінің клиптері мен әндерінің сөзінде сол тұспалмен айтылған.
Дәл сондай жағдай Рианнада. Ол сұхбаттарының бірінде айтылған келісімшартқа қол қойып, ұсынысын қабыл алмаса, оны терезеден лақтырып жібереміз деп қорқытқандар болғанын айтыпты.
Рэпердің ісі алдағы айларда Манхэттен федералды сотында қаралады. P.Diddy өкілдері оны 50 миллион доллар кепілдікпен босатып алуға тырысты, бірақ судья оны "қоғамға қауіпті" деп санап, кепілдік беруден бас тартты.
Бұл жанжал бір кездері табысты әрі ықпалды музыканттың беделіне айтарлықтай із қалдырды және Голливуд әлемінің бейнесін көрсетті.