Бұрынғы бас прокурор қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы туған.
Білімі: С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдады (1986 ж.).
Еңбек өтілі:
1990-2017 жылдары – құқық қорғау (прокуратура, мемлекеттік тергеу комитетінің органдары) және мемлекеттік арнайы органдарда (ұлттық қауіпсіздік органдары).
2017-2019 жылдары – ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары.
2019-2022 жылдары – ҚР Бас прокуроры
2022 жылғы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары: II дәрежелі "Айбын", I және II дәрежелі "Даңқ" ордендерінің кавалері.
Сыныптық шені: 1-сыныптағы мемлекеттік әділет кеңесшісі (2022 жылғы мамыр).
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"