Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда неміс әжейді өз өтініші бойынша қазақтың әнімен ақтық сапарға шығарып салды (видео)

Германияда жерлеу рәсімінен түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Онда марқұм әжейді қазақ әнімен соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Германияда балалары анасының соңғы өтінішін орындады. Неміс әжей ұлы неміс музыканттары Бахтың немесе Штраустың музыкасын емес, қарапайым қазақ әнін қалаған! “Сағыныш! Туып-өскен жеріңді бағала!" делінген қазақ әнінің мәтінінде.

Видео желі қолданушыларды қатты толғандырды.

"Отанға деген сүйіспеншілік – ең мейірімді, ең жарқын сезім. Өмірдегі ең ұмытылмас нәрсе – бұл балалық шақ және жастық шақ, жақын достар мен қарым-қатынас, бәрі бала кезден басталады. Мүмкін ол Қазақстанға келе алмаған шығар. Осылайша Қазақстанда өзін білетіндердің бәрімен қоштасқан шығар"," Немістер дана халық, әсіресе біздің немістер! Туған жерге деген қандай құрмет", "Иә, жүрегім толқып кетті", "Отанды ештеңе алмастыра алмайды! Отан – бұл екінші анамыз деу бекер емес", – деді олар.


Қазақстандық Робинзон: Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылда жалғыз адам өмір сүреді

Талқылау