Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Робинзон: Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылда жалғыз адам өмір сүреді

Солтүстік Қазақстан картасында ауылдар жойылып жатыр. Кейбіреулерінде бір ғана адам тұрады. Ауылдың атауы болмаса да, адамдар туған жерін тастап кеткісі келмейді және бір күні көршісінің пайда болатынына үміттенеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап.

Александр Бурмагинге бөтен адамды көрудің өзі мереке. Қалаға 20 жылдан бері келмеген, ал жақында зейнетке шығу құжаттарын алып келді. Өз көзіне сенбеді.

"Мүлдем өзгерді. Мен қарап тұрмын, мұндай биік ғимараттар тұр. Адамдарда өзгеріп кеткен", – дейді ол.

Ер адам ауылда жалғыз өзі тұрады. Бұрын немістер тұрған. Олардың көбі Германияға қоныс аударған. Ауылдың қалған тұрғындары да басқа жерге көшті. Алты жыл бұрын Бурмагиннің әйелі қайтыс болып, “Робинзон” атанды. Жанында иті мен мысығы бар.

"Мен неге көп сөйлеймін? Адамдарды көрмеймін. Менде бәрі бар, бақыт жоқ", – дейді Александр Бурмагин.

Өңірде 112 ауыл бар, оларда 50-ден аз тұрғын тұрады. 25-інде 10 адам тұрса, тағы бесеуінде  – бір-бір отбасы ғана тұрады. Осылайша, ауыл халқы азайып барады.

“Соңғы бес жылда 38 ауыл таратылды. Соңғы екі жылда бұл бағытта ештеңе өткізілмеді, өйткені халық санағы өтіп жатыр. Бұл ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясат. Елде және әлемде – урбанизация процесі”, – деді облыстық экономика басқармасы ауылдық аумақтар бөлімінің басшысы Жанар Ахмиева.



Александр болса, урбанизация дегеннің не екенін де білмейді. Ол ауылда сыпырғыштарды тоқып, сатады. Содан тапқан ақшасына күн көреді.

Облыста осыған ұқсас бір ғана мысал бар: бір адам қалған ауылға халық қайтып келген. Жеті жыл ішінде әдемі елді мекен картада қайтадан пайда болып,, қазір онда 30 адам тұрады, үйлер салынуда. 

Александр осындай ғажап қайталанады деп үміттенеді. Александрдың төрт баласы, төрт немересі бар. Бірақ олар алыста тұрады. Ол тамыз айында 63 жасқа толады. Жалғыз тойлауы мүмкін. Ол көптен бері мотоблокты армандап жүр. 

Талқылау