Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда құрылысшы болып жұмыс істеп, 1,5 миллион тапқан қазақстандық желідегілерді тәнті етті

Германияда жұмыс істейтін қазақстандықтың айлық табысын көрсеткен видеосы  желіні шулатып жатыр. Ол өзінің 1,5 миллион тапқан видеосын жариялаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скрин
21 жастағы Нұрсұлтан Сабыр – Түркістан облысының тумасы. Нұрсұлтан Қазақ спорт және туризм академиясында жоғары білім алған. Алайда ол мамандандығы бойынша жұмыс таба алмағандықтан,  Германияға аттанады. Ол TikTok желісінде қаңтар айында алған жалақысын көрсетті. 

"Қаңтар айында отыз күн жұмыс жасадым. Германияда миллион теңгеден астам ақша табу үшін бір ай бойы демалыссыз жұмыс істеу керек. Сонымен қатар жұмыс сағат бойынша төленеді, сондықтан сағат неғұрлым көп болса, табыс соғұрлым жоғары болады. Сіздер сияқты несие алып келгенмін”, – дейді ол желіде оқырмандарына. 

Ол видеода 1 миллион 484 мың теңге табыс тапқанын айтты. Бірақ оның сөзінше жалақы адамның өзіне байланысты.

“Жеке өзім ешкімді шақырмаймын. Барынша асықпай, әрекет етіңіздер. Өйткені бұл жерде Қазақстандағыдай жұмысқа тұрдым, енді ай сайын 1 миллион алып тұрасыз деген жоқ. Қанша сағат жұмыс істейсіз, сонша табасыз. Кейбір жұмыс берушілер үйді өзі жалдап берсе, кейбірі өзіңізге жалдатқызады”, – дейді ол. 

Оқырмандардың бірі 1,5 миллион теңгенің өмір сүруге жеткіліксіз екенін айтып жатса, енді бірі оған сәттілік тілеп, қолдау білдіріп жатыр. 

Нұрсұлтан қалай Германияға келіп, жұмысқа тұруға болатыны туралы ақпараттар беріп жүр. Ол заңды түрде жұмыс істей алмайтынын да айтты. 

 

@sabyr_nursultan Ответ пользователю @1978_Madina #германия #работа #барлығы ♬ оригинальный звук - Nursultan

Айта кетейік, бұған дейін емшектегі баласын тастап шетелде үй тазалаушы болып орналасқан әйел табысы туралы айтқанын жазған едік.

Талқылау