Германияда енді көліктің есігін қатты жапқандар айыппұл төлейді
Германияда енді көліктің есігін қатты жапқандарға 80 еуро (шамамен 40 000 теңге) айыппұл салынатын ерекше жаза пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі euro-pulse.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ көлік құралдарына заттарды тым қатты тиеу немесе түсіру үшін де айыппұл салынатын болады. Осылайша немістер қатты шумен күреспекші. Ереже қазіргі уақытта Германияның оңтүстік-батысындағы Эрдманхаузен коммунасында ғана қолданылады.
Басылымның мәліметінше, ЕО тұрғындарының 20 пайызы қатты шудан зардап шегеді. Шу жүректің ишемиялық ауруы, ұйқының бұзылуы, невроз және балалардың дамуындағы ақаулар сияқты ауыр аурулардың себебі ретінде анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ЕО-да жоғары шу деңгейі жыл сайын 12 000 мезгілсіз өлімге әкеліп, 22 миллион созылмалы тітіркену жағдайларын тудырады.
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"
Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова ажырасса, сот үкімі өзгере ме? Адвокат жауап берді
Түпкілікті шешімді кейінге қалдыру мерзімі аяқталған соң сот қабылдайды