Германия билігі ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасын тәркіледі
Германиялық Гамбургтың билігі ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың яхтасын тәркіледі. Бұл туралы Forbes басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылым ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Усмановқа тиесілі 156 метрлік Dilbar яхтасын қала билігі тәркілеген. Яхтаның құны 600 миллион доллар. Яхта 2020 жылдың қазанынан бері Гамбургте қайта жабдықтау үшін тұрған.
Усманов аталмыш яхтаны 2016 жылы сатып алған.
28 ақпанда Еуроодақ Украинаға қатысты енгізген санкция тізіміне Усмановты да қосқан. Одан бөлек, санкция ресейлік кәсіпкерлер Михаил Фридман, Петр Авен мен Алексей Мордашовқа да салынған. Еуроодақтың дипломатия бойынша басшысы Жозеп Бюррель аталмыш шаралардың экономкаға айтарлықтай әсер ететінін айтқан.
Айта кетейік, бұған дейін Еуроодақ өз әуе кеңістігін Ресей ұшақтары үшін жапқанын мәлімдеген. Енді ресейлік ұшақтар Еуроодақ аумағында ұша да, қона да алмайды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі