Головкин жарақат алғандықтан жекпе-жегінен бас тартты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин оң аяғынан жарақат алып, рингке оралуды кейінге қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты GGG командасы IBF-қа титулды міндетті түрде қорғау бойынша кездесуді кейінге қалдыру туралы өтініш жолдады.
IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы поляк Камил Шеремет болуы керек.
Бастапқыда қос боксшы арасындағы жекпе-жек 29 ақпанға жоспарланған, содан кейін оның күні 28 наурыз бен 11 сәуірге ауыстырылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"