AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Генерал-майор Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды

Генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тергеумен қамауға алынған Ж. Халықұлының мәйітін таңғы сағат 7-де бекет бақылаушысы тапты. Мекеменің кезекші ауысымы дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қабылданған шараларға қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оның механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болғанын анықтады.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері мен облыстық полиция департаментінің басшылығы келді. Басқа ұсталғандармен әңгіме жүргізілді. Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз әрекеттер фактілері анықталған жоқ", – деді  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде.

Қазіргі уақытта облыстық департамент қызметкерлері қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Еске сала кетейік, биылғы мамыр айында 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының ішкі істер департаменттерін басқарған полиция генерал-майоры Жайлаубек Халықұлын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қамауға алды.

Жайлаубек Халықұлы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін алдау арқылы ақша мен мүлік алды деген күдікке ілінді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр