Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғазизхан Шекербеков: Бейнебаяным ұнасын деп күндіз-түні тілеп жүрмін

Ғазизхан Шекербеков алғашқы кәсіби бейнебаянын түсіріп жатыр. Әнші аталған туындысында алғаш рет би билейді екен. Мұнымен қатар, ол жаратқаннан күндіз-түні бейнебаянының сәтті шығуын тілеп жүрген-ді.

15625138_1307297259328727_7075822143279202304_n

Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды.

«Бейнебаянда қатып қалған денемізді жұмсартып, қыздармен арасында билеп жатырмын. Әрине, туындының басынан-соңына дейін билеймін деп айта алмаймын. Ән өте көңілді. Көпшілікке ұнаған соң осы әнді таңдап отырмын», – дейді Ғазизхан Шекербеков.

Қымбат құрылғыларды қолданып жатқан жұлдыз қаражаттан қиналмаған. Себебі, режиссердің қызметін тегін пайдаланып жатыр

«Режиссер – менің досым. Екеуіміз өзіміздің армандаған саламызда жүрміз. Сол себепті, ол маған барынша түсіністікпен қарайды. Мен тек сырттан алдырған жарық сындылардың ақшасын төлеп жатырмын. Нағыз қазақбайшылыққа салындық десек те болады. Халыққа осы бейнебаяным ұнап кетсе екен деп күндіз-түні тілеп жүрмін. Басымдағы шляпім мен образымды қабылдаса, нұр үстіне нұр болар еді», – дейді.

Әншінің досы Парасат мырза осы уақытқа дейін «Алло» әнінің бейнебаянын түсірген. Ал Ғазизхан мырзаның бейнебаянында басты рөлді Қазақстанның ең сұлу аруларының бірі – Айдай Исаева сомдайды.


Жіберіп алмаңыз:

Тоқтар Серіков: Бейбіттің құрбыларымен қосылып саунада демалғанын қаламаймын

Нұртас Адамбай: Орыс тілін білуіміз – біздің әлсіздігіміз емес мықтылығымыз

Қайрат Нұртастың қасында тұрып оның биін айнытпай салған жігіт желіні “жарды” (видео)

Алтынай Жорабаева қозыларға концерт қойған күндерін еске алды

Талқылау