Газдалған сусындар мен сағыздың құрамында қатерлі ісікке әкелетін қауіпті зат бар – ДДСҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше аспартам деген жасанды тәттілендіргіш қатерлі ауруға душар қылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Аспартам – кәдімгі күнделікті дүкен сөрелерінен түспейтін газдалған сусындардан бастап түрлі сағыз құрамында бар екен.
Халықаралық ұйым өкілі Франческо Бранканың деректеріне сәйкес бір топ америкалық зерттеуші өндіріс компаниялары аспартамды қанттың орнына жиі қолданылатынын жеткізген.
Ғалымдар бұл зат тіпті қатерлі ісікке әкелетінін дәлелдеген. Адамдар оны күніне 40 мг-нан артық тұтынбауы тиіс, дейді олар.
Ал аспартамның адам денсаулығына қауіптілігін өндіруші компаниялар жоққа шығарып отыр. Ғалымдардың дәйектері жеткіліксіз болғандықтан енді ДДСҰ және Азық-түлік, ауыл шаруашылығы ұйымдарының мамандарынан құралған комитет зерттеу-тексеру жұмыстарына кірісті.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасы көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"