Газа секторындағы әуе шабуылдан БҰҰ-ның 11 қызметкері қаза тапты
7 қазаннан бастап Газа секторында палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің қызметкерлері барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Cиньхуа сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Газа секторында жүрген БҰҰ-ның 11 қызметкері қаза тапты.
"Қаза тапқандардың арасында палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігі мектебінің бес мұғалімі, бір гинеколог, бір инженер, бір кеңесші психолог және үш көмекші қызметкер бар. Олардың кейбіреулері отбасыларымен бірге үйлерінде өлтірілді. Агенттік бұл жағдайға қайғырып, көңіл білдіреді", – делінген құжатта.
Агенттіктің БАҚ және коммуникациялар жөніндегі директоры Джульетта Тума агенттік Газа секторындағы өз қызметін қысқартуға мәжбүр екенін айтады.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Баян-Өлгей аймағында не болып жатыр
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
Қазақстанда клининг мамандығы колледждерде ашылмақ: Болашақ мамандар қайда оқиды
Оқу ағарту министрлігі клининг мамандықтарын оқыту жоспарда бар екенін хабарлады