Газа секторында қаза тапқандардың 70%-ы әйелдер мен балалар – БҰҰ
Палестина-Израиль қақтығысы басталғаннан бері Газа секторында қаза тапқандардың шамамен 70 пайызы – әйелдер мен балалар. БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің бас комиссары Филипп Лаззарини палестиналық босқындарға көмектесу үшін осындай ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Лаззаринидің айтуынша, Палестинада үш апта ішінде 3,2 мыңға жуық бала мерт болды.
"Қаза тапқандардың – шамамен 70 пайызы әйелдер мен балалар", – деп мәлімдеді БҰҰ өкілі.
Оның айтуынша, Газадағы діни ғимараттар, ауруханалар, БҰҰ нысандары зымыран шабуылына тап болған. 25 қазандағы жағдай бойынша ХАМАС 222 тұтқынды ұстап отыр. Олар Израиль түрмелеріндегі барлық палестиналық тұтқындардың босатылуын талап етеді. Шамамен 6 мың адам израильдік түрмелерде тұтқында.
ХАМАС өкілі Мәскеуге келді: Израиль бұл сапарды терроризмді қолдау әрекеті деп айыптады
Еске салайық, бұған дейін Иран СІМ басшысы Хоссейн Амир Абдоллахиян АҚШ қаржылық және әскери қолдау арқылы соғысқа араласып қана қоймай, Газа соғысын басқарып отырғанын айтқан еді. Сондай-ақ БҰҰ бас ассамблеясының отырысында Газа секторында геноцид жалғаса берсе, олар да шет қалмайтынын айтып, ескертті.