Газа секторынан 92 қазақстандық эвакуацияланды
15 қарашада "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет: Сыртқы істер министрлігі
Қазақстандық дипломаттардың мәлімтінше, отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетілген.

“Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді. ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады”, – делінген хабарламада.
Олар Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін мемлекетіміз оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады