Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балон жарылған: Павлодар облысында келіншек ата-анасынан айырылып, өзі мен қызы күйіп қалды

Газ балон жарылып келіншек пен кішкентай қызды күйік шалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputniknews басылымына сілтеме жасап. 

Балон жарылған: Павлодар облысында келіншек ата-анасынан айырылып, өзі мен қызы күйіп қалды

Сурет: Жания Уранкаева

Павлодардағы Шідерті ауылының тұрғыны мен оның қызын тұрмыстық газ балоны атылып, күйік шалған. Оқиға өткен жылдың желтоқсанында орын алды. Бұл туралы 30 жастағы келіншек ішкі істер министрімен кездескен кезде айтып берді. 

"Бес литрлік баллонды жанармай бекетінен толтырып, үйге алып келдік. Ол кіреберіс бөлмеде тұрған, оны қолданбаған едік. Бірнеше уақыттан кейін жарылып кетті. Бізде өрт болып, ата-анамнан айырылдық", - дейді зардап шегуші.

Келіншектің өзі 73 пайыздық дене және бет күйігін алған. Ал оның 4 жастағы қызының денесінің 60 пайызын күйік шалды. 

Болған оқиғадан кейін аудандық полиция департаментінде 204-бап бойынша біреудің мүлкіне нұқсан келтіру туралы іс қозғады. Келіншектің ата-анасының өліміне қатысты полиция іс қозғамаған. Артынша іс қылмыстықтан азаматтыққа ауыстырылды.

"Біз полиция мен прокуратураға жүгіндік, бірақ ата-анамыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғамады. Жанармай станциясы әлі жұмыс істеп тұр. Мен кінәлі адамдардың жазаланғанын қалаймын", - дейді Павлодар облысының тұрғыны.

Жәбірленушіні тыңдап болған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әйел адамға тергеу департаментіне шағым түсіруге кеңес беріп, деректердің тексерілетінін айтты.

Талқылау