Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гастарбайтер деп атайды": Ресейліктер Қазақстандағы орыстар қысымға ұшырауда деп алаңдаулы

Ресейлік БАҚ-та Til Maydani қозғалысы туралы сюжеттер пайда болды. Бұл қозғалыс Қазақстанда қазақ тілінің дүкендерде және мемлекеттік органдардағы дұрыс қолданылуына тексеріс жүргізеді. Қозғалыс мүшелерінің еліміздегі орыс тілді азаматтарды гастарбайтерлер деп атауы ресейлік журналистердің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тіл майданы

Қозғалыс ұйымдастырушысы Қуат Ахметов пен басқа да белсенділер дүкендердегі қағаз жапсырмалардағы сөздердің дұрыс аударылуын, сатушылар мен мемлекеттік қызметкерлердің қазақ тілінде сөйлеуіне назар аударады екен. 

Til Maydani қозғалысының жетекшісі Қуат Ахметовтан ресейлік RT басылымына сұхбат беріпті. Сөзінше, ол тұрғындардың тіл туралы заңға бағынуы үшін күресуде. Өйткені қазір бұл заңды елемейтіндер жетерлік. 

Бұған қоса, белсенді өз әрекетін ұлтаралық араздықты қоздырудың көрінісі деп қабылдамайтынын алға тартты. Себебі ол өз талаптарын қазаққа да, орысқа да қойып отырған көрінеді. Кінәсін түсінгендер кешірім сұрап жатады дейді Қуат Ахметов. Сондай-ақ қозғалыс жетекшісі орыстардың кейбірі қазақ тілділерді басынатынын жасырмады. 

“Сіздер өз елдеріңіздегі тәжіктерді адам құрлы көрмейсіздер. Дегенмен, олар үй салып, Ресейдің дамуына өз үлестерін қосуда. Қазақстанға да келіп алып, осындай қылық көрсетесіздер. Мұндай ашу-ыза қайдан екенін түсінбеймін”, – дейді ол. 

Қуат Ахметов бұл қозғалысты бастаудың негізігі мақсаты орыс тілінде сөйлей алмайтындарды қолдау, олардың қазақ тілінде қызмет алуына жағдай жасау екенін атап өтті. 

Бұл мәселе ресейлік шенеуніктерге жақпаған сыңайлы. Өз кезегінде Ресейдің мемлекеттік Дума мүшелері Қазақстан билігінен айтылған жағдайға көңіл бөлулерін сұрады. 

“Жергілікті билік өкілдерінің бұған көз жұма қарап отырғанын қынжылтады. Ресейге келген сайын екі елдің достығы туралы айтудан жалықтайтын олар осы достыққа балта шапқысы келетіндердің жолын кесуге тырыспайды”, – дейді Ресейдің мемлекеттік Думасының қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің төрағасы Василий Пискарев.

Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері пікір білдірді

"Бізде мұндай қоғамдық бірлестіктің тіркелгені жайлы ақпарат жоқ. Бұл жергілікті тұрғындардың бастамасы болуы мүмкін. Заң алдында бәрі тең, тілдік және ұлттық тақырыпта басқаларын арандатуға болмайды", – дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Шыңғыс Төкеев.

Оның айтуынша, бұл мәселеге байланысты жергілікті билік тиісті шаралар қабыладауы қажет.

"Егер азаматтар қазақ тілінің дамуы мен қолданысын кеңейтуге атсалысқысы келсе, бұл заң жүзінде орындалғаны жөн, екі тарап бірін-бірі тыңдап, шешімге келуі қажет", – деп қосты ол.

Талқылау