Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғашық жігіттер Айдана Меденованы отбасылы болса да мазалап жүр

Тұрмыс құрып, ана атанса да Айдана Меденоваға хат жазып, танысқысы келетіндер жетерлік. Әнші өзімен танысуға талпынған жігіттерге жауабын берді.

Меденова Айдана-270217

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Айдана Меденованы бейтаныс жігіттер мазалап жүр. Ғаламторда хат қалдырып, танысуға әрекет жасайтын ер азаматтар, әншінің тұрмыста екенін де ескермейтін көрінеді.

Өмірлік жарын жолықтырып, бір қыздың анасы атанса да, Айданаға сезімін білдірген серілердің саны толастар емес. Ғаламторда хат жазып, тұрмыстағы сұлу келіншекке түрлі ұсыныс жасап, таңғалдырғандар жетерлік.

«Әр түрлі адамдар болады. Кейбіреулер тіпті қызық жағдайларға кетеді. Меніңше ол жақсылыққа апармайды. Ондай танысуларға қатты мән бермеймін. Ешқандай мағынасы жоқ сіздердің хаттарыңыздың мен үшін. Өз бақыттарыңызды табыңыздар», – дейді Айдана.

Жіберіп алмаңыз:

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы бар шындықтың бетін ашты (фото)

Димаш Құдайбергеннің тойдағы гонорары 15 мың АҚШ доллары болып кетті

Түсіпбаева айтқандарын мойындай отырып Жадодан кешірім сұрады (видео)

Анасына ән арнаған Мақпал Жүнісованың қызы көпшілікті тәнті етті (видео)

Талқылау