Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гарри Поттер туралы кітаптар қазақ тілінде жарық көрмек

«Меломан» ЖШС бас директоры Вадим Голенко Джоан Роулингтің Гарри Поттер туралы кітаптарын қазақ тілінде шығаруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170527161005

«Әлемдік студиялардың өнімдерін көбірек қазақшаласақ дейміз. Тек қана студияларды емес, кітаптарды да. Мәселен, мен күндердің күнінде Джоан Роулингтің кітабын қазақшалаймыз деп армандаймын. Егер Гарри Поттер және тағы да басқа жобалар орыс, ағылшын тілдерімен бір уақытта қазақ тілінде де шығатын болса, үлкен жаңалық болар еді деп ойлаймын. Ақша жағына келгенде табысты болатынымызға сенімді емеспін. Дегенмен де…», – деді Голенко.

Вадим Голенко Гарри Потер туралы кітапты жарыққа шығару үшін Джоан Роулингтің өзінен рұқсат алу керектігін түсіндірді.

Тек келіссөз жұмыстары кем дегенде бір жыл уақытты талап етеді.

«Әрине, Роулинг ханыммен келісу барысында оны сендіру өте маңызды. Өйткені, біз Қазақстанда бұл кітаптың әрі кетсе 5 мың данасын сатуымыз мүмкін. Миллиондаған данамен таратып үйренген ол үшін бұл уақытты босқа өткізумен тең екені түсінікті. Дегенмен айғақ тауып, бәлкім «Болашақ» ассоциациясы арқылы, Роулинг кейіпкерлерін Ұлы даланың ежелгі тілдерінің біріне аударылатынын түсіндіру керек шығар. Сонда рұқсатын да беріп қалар», – дейді Голенко.

Жіберіп алмаңыз:

БҚО билігі ҰОС ардагеріне берілген пәтерді туыстарынан тартып алмақ

Рамазан айында мұсылмандар жиі ұрынатын қателіктер

5 жасар бүлдіршінді күрекпен ұрған Шымкент тұрғыны ұсталды

Ақтөбеде соңғы қоңырауда облыс әкімін күткен мектептен шу шықты

Талқылау