"Гарант 24" ломбардының дауы: Ақтөбе облысында полиция қызметкері күдікке ілінді
Ақтөбе облысында "Гарант 24" ломбарды дауына қатысты пайда таппақ болған полиция инспекторы кұрықталды , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметнше, Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе қаласының ПБ №1 қалалық полиция бөлімінің инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
"Аталған тұлға өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Ақтөбе қаласында 2020 жылдың 7 және 29 наурыз аралығында Ақтөбе облысының ПД ТБ өндірісіндегі «Гарант 24 Ломбард» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс бойынша бұрын алынған «Опель Зафиро» маркалы автокөлікті қайтаруға ықпал ету сылтауымен алдау және сенімге қиянат жасау арқылы Ақтөбе облысының тұрғынынан 70 мың теңге сомасындағы қаражатты ұрлап алған", - делінген ресми хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды екен.
Түлкілер неге қала ішіне емін-еркін кіріп, қар барыстары төмен түсті: Зоолог Алматыдағы жағдайды түсіндірді
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді
Аптап ыстық 450 мың адамның өмірін қиюы мүмкін: Эль-Ниньо Қазақстанға қалай әсер етеді
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ