Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымжан Молданазардың жаңа бейнебаяны адамдардың жүрегін елжіретті (видео)

Ерекше стилімен ел арасында тыңдармандардың ықыласына ие болған Ғалымжан Молданазар “Мейірімді бол” деген жаңа әнімен көпшіліктің жүрегін елжіретті.

57e8b30511652

Бейнебаян Youtube видео хостингінде 20 наурыз күні жарияланған. Соған қарамастан клипті қазірдің өзінде 7000-нан астам адам қарап үлгеріпті.

“Мейірімді бол” әні “Бала” деп аталатын деректі жанрдағы фильмнің саундтрегі ретінде қолданылған.

“Сөз жоқ қой! Ғалымжан таң қалдыра біледі! Құлақтың қуанышы ғой мына өлең! Көздің жасын келтірген бейнефильм де өте жоғары деңгейде түсірілген! Базар жоқ!!!!”, “Керемет əн,басқа қосарым жоқ”, “Жандарым, бәрібір қазақ деген қанымыз бір бауырларымыз ғой. Тастанды болғанша осылай шетел болса да асырап алғанына қуаныштымын. Көзіме еріксіз жас келді. Аман болсын, Алла жар болсын!” деп пікір білдіреді желі қолданушылары.

Бейнебаянда шетелдіктер асырап алған қазақ балаларының тағдыры арқау етілген.

Оқи отырыңыз:

Мақпал Жүнісоваға Болат Назарбаев көлік сыйлады

Қайрат Нұртастың анасы: Үйіме адал келіннің келгенін армандаймын

Ата-әжесі: Димаштың арқасында біз де “жұлдыз” болдық

Жеңіс Ысқақова марқұм Мәдина Ералиева туралы естелігін бөлісті

Талқылау