Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар адамдардың неліктен ұйықтап жатып сөйлейтінін анықтады

Кей адамның ұйықтап жатып сөйлейтін кездері болады. Алайда әлі күнге дейін оның себебін дөп басып ешкім айта алмаған.

858

 

Мамандардың айтуынша, ересектерге қарағанда ұйқыдағы балалардың сөйлеуі жиі ұшырасады. Балалар күні бойы түрлі эмоцияны бастан кешіріп, содан алған әсерлерімен ұйқы кезінде бөліседі екен. Яғни мидың қозуы сөйлеу орталықтарын іске қосады.

Ересек адамдар балалармен салыстырғанда ұйқы уақытында едәуір аз сөйлейтін болып шықты. Мамандар ересектердің ұйқы кезіндегі әңгімесін екіге бөледі: ұйқыға енді батқан кездегі және қатты ұйқыда жатқан кездегі сөйлеу.

Ғалымдардың сөзіне сүйенсек, ұйқы кезінде сөйлеудің еш зияндылығы жоқ. Ағза үшін де қауіп туғызбайтын бұл құбылыс адамның күні бойы бастан кешірген эмоциялық сезімдерінен туады.

Алайда кей жағдайларда ұйқы кезінде сөйлеу белгілі бір аурулардың (мысалы, эпилепсия ауруы) белгісі болуы мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:

Сәбиіңіздің ұйқыдағы қалпына қарап мінезін таныңыз

Не себепті баланы ұйқыға 21:00-ден кеш жатқызуға болмайды?

Психологтар тату ерлі-зайыптылардың түнгі ұйқысы тыныш болатынын айтады

Ұйқыны жақсартатын өсімдіктер (фото)

Талқылау