Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар Жерге қауіпті астероидтан тіршілік белгілерін тапты

NASA Жер үшін қауіпті нысан деп санайтын Бенну астероидынан алынған топырақ үлгісінен көміртек пен суды тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі gazeta.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pixabay-дан

Бенну – 2182 жылы Жермен ең жоғары жылдамдықпен соқтығысу мүмкін қауіпті астероид. 11 қазанда ғалымдар OSIRIS-REx ғарыш кемесі жинаған топырақ үлгісін алды. Оның ішінде су мен көміртек табылғаны хабарланды.

Енді кейбір теорияларға сәйкес, су жерде астероидтар мен кометалардың соқтығысуының салдарынан пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, планетаға нуклеин қышқылдарын - өмірдің құрылыс блоктарын әкелуі мүмкін.

Осы құрылыс блоктарының кейбірін, соның ішінде РНҚ нуклеобазаларының бірі урацилді жақында Жапония аэроғарыштық барлау агенттігінің Hayabusa2 ғарыш кемесі Рюгу астероидында ашты. Енді ғалымдар Бенну үлгісінің ішінен өзге де ұқсас заттарды табамыз деп отыр.

"Бұл Жерге қайтып оралған ең үлкен көміртегіге бай астероид үлгісі. Көміртегі мен су молекулалары дәл біз тапқымыз келген компоненттер. Олар Жердің пайда болуында маңызды рөл атқарды және элементтердің шығу тегін анықтауға көмектеседі", - деді NASA өкілі Билл Нельсон Бенну топырақ үлгісінің алғашқы көрсетіліміне арналған баспасөз мәслихатында.

Талқылау