Ғалымдар: "Спутник V" вакцинасы Pfizer-ге қарағанда омикрон штамына төзімдірек
Ресейлік "Спутник V" вакцинасының Pfizer препаратымен салыстырғанда омикрон штамына қарсы тиімділігі әлдеқайда жоғары болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Италиядағы Lazzaro Spallanzani ұлттық жұқпалы аурулар институтының ғалымдары және Ресей Гамали орталығы қызметкерлері Спутник V мен Pfizer вакциналарының омикрон штамына қарсы иммундық жауап деңгейін салыстырды. Зерттеу "Спутник V" және Pfizer вакцинасы егілген азаматтардың қан үлгілері негізінде жүргізілді.
Мамандар "Спутник V" вакцинаның екінші дозасын алғанына үш-алты ай өткен 51 адамның антиденелерінің деңгейі Pfizer салдырғандарға қарағанда омикронға төзімді екенін анықтаған.
“Спутник V" вакцинасының антиденелері омикрон штамына 2 есе төзімділікті көрсетті. Спутник V салдырғандардың 74,2 пайызының қанында омикрон бейтараптандырылса, Pfizer-де бұл көрсеткіш 56,9 пайыз болды”, – делінді зерттеуде.
Қапшағайда гидроскутер "үрлемелі диванға" соқтығысты: Әйелдің қуығы жырылып, қыз есін жоғалтқан
15 жастағы қыздың жамбас сүйектері бірнеше жерден сынып, жадынан айырылған
Әріптесінің хабарламасы алматылықты тротуарға құлаған бетон плитадан құтқарып қалды
Оқиға кезінде ол әріптесінің хабарламасына жауап беру үшін бір сәтке тоқтап үлгерген