Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар миды 11 жылға қартайтатын сусынды атады

Бостон Университеті Медицина мектебінің ғалымдары құрамында қант көп мөлшерде кездесетін сусындар миға кері әсер етеді деген қорытынды жасады. Егер күн сайын мұндай сусынның екі порциясын тұтынса, ми 11 жылға қартаятынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі InoSMI.ru басылымына сілтеме жасап.

тәтті сусын

Зерттеу барысында ғалымдар 4 200 адамға бақылау жүргізген. Зерттеуге қатысқандар белгілі уақыт аралығында мидың когнитивті қызметі мен жадын тексеру үшін түрлі тесттер тапсырып отырған. 

Ғалымдар күн сайын тәтті сусындардың 1-2 стақанын ішкен адамның миы 1,6 жылға қартаятынын анықтады. Егер қартаю процесін жад қызметінің көрсеткішімен есептесе, нәтиже бұдан да нашар болады дейді. Күніне 1-2 стақан ішсе, ми 5,8 жылға, егер одан да көп болса, 11 жылға қартаяды.

Мамандар салыстырмалы түрлі тәтті сусын ішетін адамдардың ми көлемі кішірейіп, есте сақтау қабілеті нашарлайтынын мәлімдеді. 

"Зерттеу нәтижелері соңғы емес, бірақ алынған мәліметтермен шешім шығаруға болады. Тәтті сусындарды тұтынудың пайдалы тұстары аз және қант алмастырушы заттар да көмектесе алмайтынын көреміз", – деді Бостон университеті Медицина мектебі неврология профессоры Судха Сесхадри. 

Зерттеу авторы Мэтью Пейз тұтынылатын қант мөлшерін бағалау үшін тәтті сусындар таңдалғанын түсіндірді. 

"Тамақпен бірге тұтынылатын қант мөлшерін дәл анықтау қиын. Сондықтан тәтті сусындар таңдалды", –  деді автор. 

Талқылау