Ғалымдар коронавирустан айыққандардың ағзасындағы антиденелер қашан жоғалып кететінін анықтады
Коронавируспен ауырған адамдардың ағзаларында түзілген антиденелер үш айдан кейін жоғалып кетеді. Мұндай тоқтамға канадалық зерттеушілер келіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гема-Квебек қан орталығының дәрігерлері инфекциядан айығып шыққан адамдарға зерттеу жүргізген. Олар 15 науқастың қанын алып, оның құрамы қалай өзгеретініне сараптама жасапты. Нәтижесінде 88 күннен кейін қандағы антиденелердің азайып кеткендігі анықталған. Ал үш-төрт айдан кейін олар мүлдем жойылыпты.
Десек те дәрігерлер бұл тек коронавируспен ауырып шыққандардың ағзасындағы антиденелерге қатысты екенін алған тартты. Сөздерінше, вакцина арқылы антиденелердің түзілуі жолы да, қандағы концентрациясы да өзгеше болады. Сол себепті екпеден кейін антиденелер тез жойылып кетеді деген тұжырымға келуге болмайтын көрінеді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған