Ғалымдар әйелдердің миы неге ерлердікіне қарағанда дерттерге төзімдірек екенін анықтады
Ғалымдар әйелдердің ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүріп, қартайғанда когнитивті қабілеттерінің төмендемеу себебін анықтады. Жаңа зерттеуге сәйкес бұл әйелдердің жасушасындағы екінші Х хромосомасымен байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Ғалымдар ұрғашы тышқандарда уақыт өте әдетте белсенді болмайтын Х хромосомасы жасушада гиппокампаны белсенді ететінін анықтаған. Гиппокампа – есте сақтау мен үйрену қабілетіне жауапты ми бөлігі.
"Ғалымдар екі жыныстағы ересек тышқандарға бұл гендердің бірінің белсенділігін арттыру үшін гендік терапия жүргізгенде, олардың когнитивті қабілеті артқанын байқаған. Осылайша ғалымдар әйелдердің миы қартая келе Х хромосомасымен қорғалады деген қорытындыға келді", – делінген зерттеуде.
Әйелдердің жасушасында екі Х хромосомасы бар. Олардың бірі дамудың ерте кезеңінде генетикалық ақпараттың тепе-теңдігін сақтау үшін түрлі ақуыздармен жабылады. Дегенмен ғалымдар Х хромосомасындағы бұл кендердің 30 пайызы уақыт өте белсенді бола түседі. Аталған зерттеу әйелдердің ерлерге қарағанда неге когнитивті қабілеттерінің бұзылуына төзімді екенін көрсетеді дейді.