Ғалымдар адам жасушаларынан ет жасап шығарды
Бір топ америкалық ғалымдар мен дизайнерлер адамның жасушаларынан ет жасап шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қолдан жасалған етке ғалымдар Ouroboros деген атау берді. Бұл сөз құйрығын тістеген жыланның атауы әрі ежелгі белгі болып табылады, табиғаттың тоқтаусыз ағымын білдіреді. Десек те зерттеушілердің өзі бұл дайындалған етті жеу адамды жегеннен бірдей деген пікірде.
Ғалымдар мұндай өнімді жасау қиынға соқпайтынын айтуда. Сөздерінше, ол үшін адамның ұртындағы жасушаларды жинап, оны тұрып қалған қанның сарысуына салып қою керек. Бұдан бір тістем болатын ет өсіп шығады екен. Етті дайындауға үш айға жуық уақты кетеді.
Зерттеу жасағандар осы арқылы жануарлардың өмірін сақтауға болатынын алға тартуда. Осылайша адамдар қолданып жүрген етті дайындап шығуға болады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар