Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалым Жер шары 35 миллион жыл бұрынғы қалпына оралатынын болжады

Ресейлік Атмосфера физикасы институтының аға ғылыми қызметкері Александр Чернокульский Жер шары 35 миллион жыл бұрынғы қалпына оралады деп болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме беріп.

Маманның айтуынша, жаһандық температура парниктік газдар шығарындыларына байланысты көтеріліп жатыр. Оның айтуынша, алдағы жылдары ол 35 миллион жыл бұрын жер бетінде байқалған көрсеткіштерге қол жеткізе алады.

Сонымен бірге, ғалым жаһандық температура деген климаттық көрсеткіш екенін және оның өзгеруі планетада алып мүйізтұмсықтар сияқты жануарлар пайда болады деген сөз емес екенін айтады. Ол заманда мұздықтар саны көп болмағанын және мұхиттың деңгейі басқаша, континенттердің орналасуы және атмосфераның химиялық құрамы өзге болғанын айтты.

Бұған дейін ресейліктер жаһандық жылынудың үлкен зардабын сипаттаған. Ресей Ғылым Академиясының География институтының климатология зертханасының меңгерушісі, Ресей ғылым академиясының Обухов атындағы атмосфера физикасы институты директорының орынбасары Владимир Семенов Ресейдегі жаз ыстық болып, жылы ауа райы жиі болатынын айтты. Семеновтың айтуынша, климаттың жылынуы Сібірдегі ауқымы солтүстікке қарай кеңейген орман өртіне әкелуі мүмкін.


Ғарыш туралы қызықты мәліметтер

Жер туралы қызықты деректер

Талқылау