Ғалым коронавирустың дельта штаммына қарсы қай вакцина тиімді екенін айтты
Ресейлік ғалым Сергей Нетесов векторлы және мРНҚ-лық вакциналар коронавирустың үнді штаммынан қорғайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Қазақстандағы "Спутник V" вакцинасы "дельта" штаммына қарсы 90%-ға тиімді.
"Ұлыбританиядан, АҚШ-тан және басқа елдерден алынған мәліметтер бойынша, мРНҚ (Pfizer және Moderna) және векторлық вакциналар, соның ішінде біздің Sputnik V дельта штаммынан қорғайды. Коронавирустың алғашқы мутациясына қарсы 95%, ал "дельта" нұсқасына қарсы 90% тиімділік көрсетеді", – деді вирусолог.
Сонымен қатар ол вакцинация мен эпидемиологиялық сақтық шараларын ұмытпау COVID-19-ды жеңуге көмектесетінін атап өтті.
Қазақстанда балаларға вакцина сынала ма
Айта кетсек, бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компоненті – 4 319 897 адам, екінші компонент – 2 422 378 адам салғызған. Күніне орта есеппен 100 000 азамат вакцина алуда.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр