Галбадрах Отгонцэцэг Хорватияда өткен әлемдік Гран-приде алтын медаль еншіледі
Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Хорватияда өткен әлемдік Гран-придің алтын медаль иегері атанды.

© AP Photo / Markus Schreiber
Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Жарыс Хорватияның Загреб қаласында өтті. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда қазақстандық спортшы француз дзюдошысы Мелани Клементке қарсы тұрды.
Галбадрах қарсыласына мүмкіндік қалдырмады. Ол «иппонмен» жеңіске жетті.
Осылайша, Отгонцэцэг әлемдік Гран-при кезеңінің иегері атанды.
Галбадрах Отгонцэцэг - соңғы жылдары Қазақстанда қызмет еткен моңғол спортшысы. Азия чемпионы және 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"