Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаламдық жылынуға байланысты әлемде қауіпті масалар тарай бастады – Ғалымдар

Еуропалық ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары әлемде қауіпті ауру тарататын Aedes albopictus масалары көбейгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

маса

Орталық дерегінше, 2023 жылы денге тырыспасын жұқтырғандар саны 2010-2021 жылғымен салыстырғанда 2 есе өсіп, 130 жағдай тіркелген. Кейінгі 7 жылда Францияда Зика вирусын жұқтыру деректері анықталыпты. Ал Италияда денге тырыспасына ұқсайтын чикунгуньи дертін жұқтыру дерегі тіркелді.

Орталықтың бас сарапшысы Селин Госснер жәндіктердің көптеп тарауын климаттың өзгеруімен байланыстырды. Сонымен қатар бұған туризм мен сауданың дамуы да әсер етеді дейді. 

Талқылау